Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында демалыс базасының аумағынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында демалыс базасының аумағынан өрт шықты

22.12.2021

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында демалыс базасының аумағынан өрт шықты. Шаңғыны жалға беретін ғимарат отқа оранған. Өртті сөндіруге 16 маман мен 4 техника жұмылдырылған. Қызыл жалын лезде 140 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Құтқарушылардың жылдам әрекетінің арқасында жалынның көршілес орналасқан нысандарға ойысуына жол берілмеді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Хабарламаларға жазылу