Үйірмеге үйір жастар көп! Мемлекет тарапынан спорт секцияларының тегін болуы салаға жаңа серпін берді. Мәселен, тек Ақтөбе облысының өзінде қазір 8 мың бала 20 түрлі спорт түрімен шұғылданып жүр. Бұл жұмыс алдағы жылдары да жалғаса ма? Жақсыбек Кемал баяндасын.
Бұл - Ақтөбенің орталығындағы көркем гимнастика үйірмесі. Торғын Абдолла бір жылдан бері қызын осында әкеліп жүр. Қазірдің өзінде нәтижесі жаман емес. Ең бастысы тегін. Жаттықтырушылары да тәжірибелі.
Торғын Абдолла, қала тұрғыны:
«Менің қызым қаңтар айынан бастап келіп жүр биылғы.Жетістіктері жақсы. Тегін түрде келіп жатыр. Келесі жылға да жалғасса жақсыболар еді. Ұнайды өзіміәзге гимнастика».
Бұл орталыққа қазірдің өзінде 400-ден аса бала келіп жүр.Спорт кешенінің ұжымы ата-аналар мен балалардың көңілінен шығыпотыр. Маман жеткілікті. Алдағы жылы сұранысқа сай келуішлер санын екі есегеарттыру жоспары бар.
Ақгүл Боранбаева, Спорт мектебінің әкімшісі:
«Дамыту жағы өте жақсы. Жоғары деңгейде жұмыс жасап жатыртренерлер. 408 бала келіп жатыр. 432 орын тағы да ашылуда, берілуде. Осығанорай 840 бала болады мектепте».
Қазір Ақтөбе облысыбойынша осындай 20 спорт үйірмесі жұмыс істеп тұр. Балалардың әсіресе,күрес,бокс пен су спортына деген қызығушылығы зор. Биыл бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 323 млн теңге бөлінген. Алдағыжылы қаржы көлемі 10 пайызға артады. Сәйкесінше, спортпен тегін шұғылданатынбала саны да көбейеді.
Әділбек Ділжанов, облыстық Спорт басқармасының бөлім басшысы:
«Бірінші майдан бастап мемлекеттік спорттық тапсырысжобасы іске қосылды. Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 147 жеткізуші жұмысынатқарып жатыр.Ең белсенді аудан, айтуға болады, Мұғалжар ауданы, алға ауданы,Қарғалы ауданы».
Бұған дейін әр атана баласын спорттық секцияға апару үшін кемінде он мың теңге төлейтін. Мемлекет басшысы былтыр балаларға мемлекеттік бюджет есебінен спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Мамыр айында «Бала» сандық платформасы іске қосылды. Бұл платформа арқылы әр тұрғын ата-ана ретінде өтінім жолдай алады.
Жақсыбек Кемал