ТҰСАУКЕСЕР! «Qazaqstan» телеарнасы «Қаныш. Қазына» телехикаясын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТҰСАУКЕСЕР! «Qazaqstan» телеарнасы «Қаныш. Қазына» телехикаясын ұсынады

21.12.2021
ТҰСАУКЕСЕР! «Qazaqstan» телеарнасы «Қаныш. Қазына» телехикаясын ұсынады

Туынды қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолына негізделген. 6 бөлімді телехикая ұлы тұлғаның бізге беймәлім қырларын кеңінен ашатын сан қилы оқиғалар желісінен тұрады. Түсірілім Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған және Сәтбаев қалалары мен Қарсақбай кентінде өтті.

Сериалда XX ғасырдағы қазақ жұртының сан қилы тағдыры, мақсат-мүддесі, индустриаландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі. Қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық, мүдделер қақтығысы, қым-қуыт оқиғалар, ұлттық тұтастық – туындының негізгі өзегі.

Туындының режиссері - Ерлан Нұрмұхамедов, сценаристері - Әмір Әменов, Ален Рахметалиев, басты кейіпкерді Әсет Есжан, ал Таисия Кошкинаны (Сәтбаева) Анна Оразбаева сомдайды. 

Эфир уақыты: 27 желтоқсаннан бастап 20:35-те.


Qazaqstan Қаныш. Қазына телехикая Қаныш Сәтбаев

Хабарламаларға жазылу