Елімізде жаңа көлік жетіспеушілігі ушығып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа көлік жетіспеушілігі ушығып барады

20.12.2021

Жаңа көлік әлі де жетіспей жатыр. Тіпті автобизнес қауымдастығы өкілдері тапшылық мәселесі ушығып барады дейді. Нарық сұранысты қамти алмаған соң, баға да аз-аздан өсіп жатыр.

Мәселен былтыр 10 айда 60 мыңдай көлік сатылса, биыл жүз мыңнан астам машина иесін тапқан. Яғни сұраныс 50 пайыздай артып отыр. Қазір жаңа машина алу үшін жұрт алдын ала төлем жасап, кезек күтуге мәжбүр. Сарапшылар бұған Қытай, Корея, Жапония секілді елдермен арадағы жүк тасымалының нашарлауы себеп деген еді. Оның үстіне көлікке орнатылатын арнайы микросхемалардың өндірісі азайып, көлікті көптеп шығаруға қол байлау болып тұр.


Хабарламаларға жазылу