Қызылорда облысында киіктің мүйізін сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қызылорда облысында 500 келідей киік мүйізін сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды. Ұсталған браконьерлерден мыңнан аса ақбөкеннің мүйізі тәркіленді. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей байланысқа шығуға әзір.
Қайырлы күн Әділбек, қаскөйлер мемлекетке қандай көлемде залал келтіріп отыр?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қайырлы күн, Алла. Облыстың екі тұрғыны бұл қылмыстық әрекетін біраздан бері жоспарлап, 2 мыңнан астам киік мүйізін шет ел асырып жібермек болған. Бірақ, олардың заңсыз әрекетін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері дер кезінде анықтап, жолын кесті. Елімізде киіктердің популяциясына зиян тигізген қылмыскерлер жануарлар дүниесіне 5 миллиард теңгеге көлемінде залал келтіріп отыр. Қазір 1347 ақбөкенді қырып салған қаскөйлер уақытша қамаққа алынып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03