Нанкин Олимпиадасынан Көк туды биік көтеріп келгеніме қуаныштымын – А.Жүсіпов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкин Олимпиадасынан Көк туды биік көтеріп келгеніме қуаныштымын – А.Жүсіпов

13.09.2014
Нанкин Олимпиадасынан Көк туды биік көтеріп келгеніме қуаныштымын – А.Жүсіпов

«Маған Нанкинде өткен ІІ жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның Көк байрағы сеніп тапсырылды. Сол сенімді ақтағаныма мен өте қуаныштымын. Бұдан былай да көптеген жарыста Қазақстанның Көк туын желбіретіп, үлкен жетістіктерге жетеміз деген ойдамын». Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІ жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы Абылайхан Жүсіпов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында өткен жазғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында біз бар күшімізді салдық. Ең бірінші, спорттың дамуына әрдайым қамқор болып келе жатқан Елбасымызға рахметімізді айтқымыз келеді», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар әлемнің ең мықты спортшыларымен күш сынасып, Қазақстанның абыройын, намысын қорғап, жеңіске жетуге деген бар күш-жігерін салды.

 

Хабарламаларға жазылу