Астанада Наурыз мейрамына әзірлік басталып кетті
19-22 наурызда елорданың Алматы ауданында бірқатар мерекелік іс-шара өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына аудан әкімі аппараты хабарлады.
Астанада мерекелік іс-шаралар қазірден бастап өткізіліп жатыр. Мерекеге орайластырылған түрлі концерттер, фестивальдар, конкурстар ұйымдастырылуда.
19 наурызда Күйгенжар кентіндегі №42 орта мектептің жаңа ғимаратының алдында мерекелік серуен ұйымдастырылмақ.
20 наурызда ұлттық мейрам «Интернациональный» тұрғын алабынан басталып, «Тағам» дәмханасының жанында халықтық серуенмен жалғасады.
Ал «Железнодорожный» тұрғын алабының орталық алаңындағы халықтық серуен 21 наурызда өтсе, 22 наурызда «Студенттік» паркте халықтық серуен басталып, онда аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар, Наурыз көже және ыстық бауырсақ ұсынылады.
Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық студенттер шетелде бір семестр тегін оқи алады
15.05.2026, 12:54
Түркістанда Түркі әлемінің ортақ мұражайы ашылуы мүмкін
15.05.2026, 12:51
Түркі елдерінің жаңа дәуірі: Цифрландыру мен ынтымақтастық
15.05.2026, 12:43
KAZ-LLM: Қазақстанның жасанды интеллекттегі жаңа белесі
15.05.2026, 10:00
Түркі мемлекеттерінің мәдени ынтымақтастығы артып келеді
15.05.2026, 10:00
Alem AI – Орталық Азиядағы алғашқы ЖИ орталығы
15.05.2026, 10:00
Елімізде зерттеулерге серпін беретін суперкомпьютерлік кешен жұмыс істеп тұр
15.05.2026, 10:00
Түркі мемлекеттері ұйымы – біртұтастық символы
15.05.2026, 10:00