Түркістан облысында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды

15.12.2021

Түркістанда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай қазақтың біртуар қайраткері, тарихи тұлға – Қазыбек би Келдібекұлының ескерткіші ашылды. Тас мүсін шаһардың Қазыбек би көшесінде еңсе тіктеді. Мұнда қайраткердің аллеясы бар. Биіктігі – 8 метр болатын мыстан құйылған ескерткіштің авторы – танымал мүсінші, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Бексейіт Күзембеков. Қазыбек би Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген, ескерткіштің киелі шаһарда еңсе тіктеуі өскелең ұрпақты ізгілікке бастайды дейді зиялы қауым өкілдері.

Қайыржан Тоқышев,  Қазыбек бидің жетінші ұрпағы:

Тәуелсіздіктің нәтижесінің арқасында өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз түрленіп жатыр. Міне Түркістан қаласы да қайта түрленіп жатыр. Барша Қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп тілеймін!


Хабарламаларға жазылу