Қазыбек бидің туғанына - 350 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазыбек бидің туғанына - 350 жыл

21.08.2017

Қарағанды облысында қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бабасын ұлықтаған ел тау тұлғаға арнап ескерткіш орнатты. Қазақ тарихында дала данышпаны атанған, орта жүздің от ауыз, орақ тілді кемеңгер биі туралы зиялы қауым толғамды ой-пікірлерін айтты. Сондай-ақ, мерейтой аясында осы өлкеден жолға шыққан «Бабаларға тағзым!» автокеруені ел ішін аралап, көрші Өзбекстан жеріне дейін барады. Балқантау баурайында болған рухани шара туралы тілшіміp Руслан Нұрланұлы баяндайды. 
 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу