Бейнеуде газ өлшеу станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейнеуде газ өлшеу станциясы іске қосылды

15.12.2021

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында газ өлшеу станциясы іске қосылды. Заманауи нысанда «Бейнеу-Бозой –Шымкент» газ құбырына келетін көгілдір отынның көлемі есептеліп, сапасы тексеріледі. «Қазтрансгаз»Ұлттық Компаниясы» старатегиялық маңызды жобаны - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту етті.

Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры-тәуелсіздік алғаннан кейін іске қосылған газ саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба.осы құбырмен жеткізілген газдыЕлордадан бастап, Алматы, Қызылорда облыстары және оңтүстік өңірлер тұтынып отыр. Және экспортқа шығарылады. Ал, газ өлшеу станциясында құбырға жіберілетін газдың көлемі мен сапасы қадағаланады және онлайн басқарылады. Соның арқасында газ құбырының қызмет ету мерзімі едәуір артып, техникалық қызмет көрсету шығындары азаяды.

Мұқан Сәдуақасов, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары:

Қазір беріліп жатқан газдың көлемі - жергілікті әр бір алынып жатқан жерде есептеуіш бар. Ал, бұл газ есептеуіш станция бүкіл батыстағы магистральді газ құбырының, оңтүстіктегі газ құбырының және Ақтөбе облысындағы газ құбырының газ балансын шығаруға мүмкіндік береді.

Газ өлшеу станциясы заманауи технологиялармен, техникалық талаптарға сәйкес салынған. Оның жұмысы газды есепке алуды өлшеу дәлдігін, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесіне сапалы газдың берілуін бақылау. Станцияда 15 маман жұмыс істейді.

Бердіғали Жұмағалиев, сала ардагері:

Бұл мекемеде 45 жыл жұмыс жасағанмын. Бұрын жаңағы ескі замерлер болды. Газ өлшеу станциясы қазір бәрі компьютерленген. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» трассалары мысалы біз үшін де, халқымыз үшін де тиімді, елге газ тартылып. 

«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы құрылғалы 21 жылда 10 мыңнан астам шақырым магистральді газ құбырлары, көптеген компрессорлық станциялар салынды. Қалалар мен ауылдар газдандырылды. Осы Бейнеу-Бозой –Шымкент газ құбыры арқылы ел аумағына және экспортқа 50 млрдтан астам текше метр газ өткізілген.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу