Теріскейде шектеу шаралары жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде шектеу шаралары жеңілдетілді

15.12.2021

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы жасыл аймақта. Эпидахуал жақсарған соң Солтүстік Қазақстан облысында да карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Дегенмен өңір әлі де «сары аймақта». Өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес Ashyq жобасын енгізбеген нысандар тұтынушылар санын 15-30 пайыздан асырмай қызмет етуге рұқсат етілді. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты сағат түнгі 12.00-ге дейін ұзартылды. Банкеттер мен конференция сынды іс-шаралар өткізуге рұқсат. Бүгінгі күні 369 науқас инфекциялық стационарда, 37 адам жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Сондай-ақ 100 бала дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың айтуынша коронавирус бәсеңдегенімен, аймақта тұмау өршіп тұр.

Арман Күшбасов, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары:

Облыста жедел ресспираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны артты. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. 13 мыңнан астам адамға аталған диагноз қойылды. Олардың тең жартысы балалар. Өткен аптада алғаш рет Н3N2 тұмауы тіркелді. Екі адам ауырып жатыр.


Хабарламаларға жазылу