Елорда ақылды қалалардың тізіміне кіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда ақылды қалалардың тізіміне кіреді

14.12.2021

Қалаларды цифрландыру ісі Қазақстанда біртіндеп жүзеге асып келеді. Ең алдымен, тың жоба коммуналдық қызметтердің қала тұрғындарына қолайлы әрі кедергісіз жұмыс істеуіне ықпал етеді. Соңғы технологияларды қолдану арқылы қаланы басқаруға оңай болады. Мысалы, елордада балабақша, мектеп салу керек кезінде таңдалған жердің ғимарат тұрғызуға қаншалықты қолайлы екенін, оның құрылысы шын мәнінде қалай жүзеге асатынын алдын-ала байқап көруге болады. Бұл кезде жел бағыттары да ескеріледі. Жақын арада елорданың да 100 пайыз цифрландырудан өтеді деген болжам бар. Экономика бағытындағы осы және өзге жаңашылдықтарды бизнес пен үкімет өкілдері халықаралық форум аясында екі күн бойы бөлісетін болады.

Ботагөз Қасабек, қалалық Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы:

Елордамыздың 80 пайыздан астамы цифрланған. Қазіргі таңда бүкіл деректер жиналып жатыр. Қала толығымен сандық жүйеге көшкен кезде жылу, жарық тұрғындар үшін автоматтандырылады. Сондай-ақ, біз үкіметтік емес ұйымдар мен компаниялармен Big Data, аналитика төңірегінде ынтымақтастық құрайтын боламыз. Олармен жеке тұлғалардың деректерін емес, жалпы деректерді жинақтайтын боламыз.


Хабарламаларға жазылу