Астаналықтар үшін керемет тарту. «Шежіре» қазіргі заман өнер мұражайында талантты суретші Елена Тёнің көрмесі ашылды.
Пейзаж - Еленаның болмысына жақын жанр. Ол бейнелеген көркем дүниелерде сұлулық әлемінің табиғатпен үйлесімі, ортаның көңіл- күйі шеберлікпен суреттеледі.
17-18 ғасырдағы еуропалық суретшілердің еңбегін зерделеу Елена Тёнің шығармашылығын шыңдай түсті. Қылқалам шеберінің өнерін тамашалаймын деген көпшілік үшін көрме сәуір айының жетісіне дейін жалғасады.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ