Қазақстан ғалымдары БҰҰ-ның қолдауымен қар барысын қолдан ұрықтандыру шарасын қолға алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ғалымдары БҰҰ-ның қолдауымен қар барысын қолдан ұрықтандыру шарасын қолға алмақ

14.12.2021

Қар барысы жойылып барады. Бүгінде қазақ даласында оның небәрі 140 данасы қалған. Сондықтан оның тұқымын сақтап қалу өте маңызды. Осы тұста Қазақстан ғалымдары БҰҰ-ның қолдауымен барыстарды қолдан ұрықтандыру шарасын қолға алмақ. Яғни ЭКО жасайды.

«Snow Leopard Foundation» ұйымының хабарлауынша, бұған дейін жойылып бара жатқан жануарларды қолдан ұрықтандыру тәсілі арқарлар мен киіктерге жүргізіліпті. Қар барысын қолдан ұрықтандыру жобасына авторлар есебінде кемі 2 млрд теңге қолдау қажет.


Хабарламаларға жазылу