Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздік монументі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздік монументі ашылды

13.12.2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздік монументі ашылды. Облыс орталығы Өскеменде қойылған еңселі ескерткіштің биіктігі 16 метрге жуық. Төбесінде Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібектің, орталық бөлігінде Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүсіні орналасқан. Төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бейнеленген барельеф бар. Күрделі мүсіндерді семейлік Нұрбол Қалиев жасаған. Көрікті композицияның ашылу салтанатына еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин және облыс басшылығы қатысты.

 Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған мұраты іске асырылды. Әрбір қазақстандық Н.Әбішұлының «Тәуелсіздік бабалардың қанымен келген киелі құндылық » деген сөздерін жадында сақтау керек. Қазіргі таңда Қазақстан тұрақты дамуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егемен елімізді жаңа белестерге бастап келеді.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу