Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсырды. Президенттің айтуынша, бұл - өзінің тапсырмасымен ұйымдастырылған шара.
«Еліміз дербес мемлекет болғаннан бері ойы еркін, рухы азат тұтас буын өсіп жетілді. Тәуелсіздік перзенттерінің алдыңғы толқыны ержетіп, ел ісіне араласты. Олар Отанымыздың өсіп-өркендеуіне үлесін қосып жатыр. Мен егемендік кезеңінде туып-өскен жастарымызға арнайы грант бөлуді тапсырғанмын. Бұл – талапты ұл-қыздарымыздың бастамаларын қолдау үшін жасалған қадам», - деді Қ.Тоқаев.
«Мәдениет», «Ғылым», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа», «Бизнес» бағыттары бойынша 30 грант бөлінген. Иегерлеріне 3 млн теңгеден табысталды.
Сөз алғандарды тыңдап, ойы еркін, не қалайтынын білетін және сол жолда тынбай еңбектенетін жастар толқыны өсіп келе жатқанына кезекті рет көз жеткіздік. Ақбота Мұса - оқушыларды жоғары оқу орнына грантқа түсуге дайындайтын платформа авторларының бірі.