Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектепте сабақ болмайды
Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды. Кейбір жерлерде термометр көрсеткіштері -37 градусты көрсеткен.
Ержан Жақып, тілші:
Шығыс Қазақстанда бүгін күн күрт суыды. Әсіресе аудандарда қатты аяз тіркелген. Алтай ауданында -34, Ұлан ауданында -27, Күршімде -33, Катонқарағай мен Тарбағатай аудандарынада термометр көрсеткіштері -30 градустан асқан. Ең суық ауа райы Көкпекті аудандағы Биғаш ауылында тіркелген. Онда -37 градус суық. Сол себепті ауыл мектептерінің денінде бірінші ауысымда сабақ тоқтатылған. Ол туралы Төтенше жағдайлар қызметі әлеуметтік желілерде хабарлады. Алайда ата-аналардың көпшілігі бұл ақпарат тым кеш тарағандықтан, балалар сабаққа барып үлгергендігін айтып, наразылық танытып жатыр. Ал қыс басталғалы Шығыс Қазақстанда мектептерде көктайғаққа байланысты да бірнеше рет сабақ қашықтан оқу форматына көшірілді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04