Ұлттық банк цифрлық теңге жобасын таныстырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк цифрлық теңге жобасын таныстырады

09.12.2021

Келесі аптада Ұлттық банк цифрлық теңге жобасын таныстырады. Банк төрағасы Ерболат Досаев жобаның халықаралық әріптестерімен бірлесіп жүзеге асып жатқанын айтты. Қазір дүние жүзінде 63 орталық банк ұлттық цифрлық валютаны шығарумен, оның айналымын зерттеумен белсенді айналысып жатыр. КСМ Ұлттық банк келер жылы шілдеге дейін бұдан түсетін пайда мен шығынды есептеп, жобаны бақылайды. Ал цифрлық теңгені енгізу туралы қорытынды шешім 2022 жылы желтоқсанда шығады. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастамайды. Дегенмен заңды төлем құралы ретінде қолдануға болады. Тұрғындар цифрлық валютаны жинауға, саудаласуға пайдалана алады.


Хабарламаларға жазылу