XVI-XIX ғасырларда қазақ мемлекеті әлемнің 130 картасында бейнеленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XVI-XIX ғасырларда қазақ мемлекеті әлемнің 130 картасында бейнеленген

09.12.2021

Қазақ мемлекеті әлем картасында  XVI ғасырдан бастап бейнеленген. Қазақ ғалымы осыны дәлелдеп, ғылыми еңбек жазды. «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы Еуропалық және америкалық карталарындағы қазақ мемлекеті» деп аталатын кітап Брюссельде жарыққа шықты. Себебі 1562 жылы бельгиялық саяхатшы қазақ мемлекетін алғаш картаға енгізген. Ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров 15 жылдық зерттеуінің нәтижесінде Еуропа мен Американың 130 картасында қазақ мемлекеті белгіленгенін анықтаған. Құнды деректерді ғалым АҚШ пен Еуропа мұрағаттарынан, үздік кітапханаларынан тапқан. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген еңбек Қазақстанның және әлем кітапханаларына тарту етіледі.

 Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, кітаптың авторы, саясаттану ғылымдарының докторы:

Қазақ мемлекеті орта ғасырлық Австрия мен Германияда, кейінірек XVII-XVIII ғасырдағы Америка география оқулықтарында біз туралы мәліметтер бар. Бұл жәдігер ретінде артефакт ретінде қазіргі заманауи қазақ еліне өте маңызды дүниелер, маңызды карталар. Және біздің көршілерге, басқа елдерге, дүние жүзінде қазақ мемлекеті орта ғасырдан бастап, дербес, Тәуелсіз, геосаяси субъект ретінде көрсетіп отыр.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу