Қазақстанда соңғы екі аптада вирус жұқтыру 28 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда соңғы екі аптада вирус жұқтыру 28 пайызға төмендеді

09.12.2021

Қазақстанда соңғы екі аптада вирус жұқтыру 28 пайызға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Бір тәулікте 683 адамнан індет анықталған. Короновирустан 12 адам, пневмониядан бір науқас қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың көбі Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр. Қазір елімізде 22 353 адам ем қабылдап жатыр. 85 науқастың жағдайы өте ауыр.


Хабарламаларға жазылу