Ревакцинация жасау мерзімі қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ревакцинация жасау мерзімі қысқарды

09.12.2021

Елімізде халықты ревакцинациялау тактикасы өзгерді. Үкіметте эпидахуал туралы баяндаған Денсаулық сақтау министрі осылай деп мәлімдеді. Екпе егу жұмыстары баяу жүріп жатқан өңірлерді де атады.

Досжан Маратұлы, тілші:

Эпиджағдай жақсарып келеді. Індет жұқтыру үш айда төрт есе азайған. Сол үшін ауруханада орындар да босап жатыр.

Індет жұқтырғандардан гөрі, жазылып шыққандар әлдеқайда басым. Десе де «омикрон»-нан қауіп бар. Сол үшін сақтық шаралары күшейтіліп жатыр. Сондай-ақ, ревакцинация тактикасы өзгерді дейді Алексей Цой. Яғни жұрт енді екпені 9 емес, 6 айдан соң қайдадан алуы керек.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты қайта вакциналау тактикасын қарады. Осылайша, бұған дейін вакцинацияның екі дозасын алған барлық адамдар 6 ай өткен соң қайта екпе алу керек деген шешімге келді. Сондай-ақ коронавирус инфекциясымен ауырған адамдар да ревакцинациялауға жатады.

Халықтың 77,5 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алды. Ал 44 мыңнан астам адамға ревакцинация жасалды. Айта кетерлігі Маңғыстау, Қостанай және Батыс қазақстан облыстарында екпе егу жұмыстары баяулаған.

Досжан Маратұлы, тілші:

Премьер бұған жол бермеу керек деді. Ал «омикрон» штамы елімізде анықталған жоқ.


Ревакцинация омикрон

Хабарламаларға жазылу