Президент Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

08.12.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады. Барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Шольцті Федералдық Канцлер қызметіне кірісуімен құттықтады. Мемлекет басшысы Германияны Қазақстанның Еуро Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын және екі ел арасындағы қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өткен.

Жеделхатта Президент: «Қазақ-герман және Орталық Азия – Еуро Одақ форматындағы сан қырлы ықпалдастығымыздың мазмұнын одан әрі байыту мақсатында Сізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді растаймын», - деп атап өтті.


Хабарламаларға жазылу