Жапондық 2 турист Байқоңырдан ғарышқа аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапондық 2 турист Байқоңырдан ғарышқа аттанды

08.12.2021

Осыдан бірер сағат бұрын жапондық екі турист Байқоңырдан ғарышқа аттанды. Олардың бірі – сән саласының магнаты, 46 жастағы миллиардер Юсаку Маэзава болса, екіншісі – осы сапарды камераға түсіретін кинопродюсер Йозо Хирано.

Сонымен қатар, саяхатшылармен бірге орбиталық бекетке ресейлік космонавт Александр Мисуркин де ұшты.

Олар «Союз» кемесімен көкке самғады. Күншығыс елінің азаматтары Халықаралық ғарыш станциясында 12 күн болуы керек. Дегенмен туристер бұл сапарға қанша төлегендерін жарияламай отыр.

Арыстан Рысбек


Байқоңыр

Хабарламаларға жазылу