Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның Әнұранын шатастырып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның Әнұранын шатастырып алды

08.12.2021

Гандболдан Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар қазақтың Әнұранын тағы шатастырды. Бұрынғы нұсқасын қосып жіберген. Бірақ біздің ұлттық құрама қыздары бұл қателікке мойын бұрмай, Әнұранды жанды дауыста орындап шықты.

Испанияда ганболдан әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық команда Иран құрамасын 31-14 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Негізгі раундта олар Германия, Венгрия және Чехиямен жарысқа түседі.


Әлем чемпионаты Әнұран

Хабарламаларға жазылу