Елордада «Елім деп соққан жүректер» атты мерекелік концерт өтіп жатыр
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақстан» орталық концерт залында «Елім деп соққан жүректер» атты мерекелік концерт өтіп жатыр. Бұл шара еліміздің мәдениет саласына үлес қосқан тарихи тұлғаларға арналады.
Ақниет Балтанова, тілші:
Елімізде мәдениет саласының дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар көп. Яғни бұл тізімге кино мен телевизия саласының, театр өнерінің майталман мамандары мен ақын-композиторларды, әдебиет саласының үздіктерін жатқызуға болады. Демек бүгінгі кеш осы Тәуелсіздік жылдары ішінде төл өнерімізді дамытып, талантымен елімізді әлемге танытқандарға арналады. Олардың қатарында Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев, Нұрғиса Тілендиев сынды композиторлар, Тұманбай Молдағалиев, Шөмішбай Сариев сынды ақындар, Батырхан Шүкенов, Болат Сыздықовтай әнші-музыканттар бар.
Жеңіс Сейдоллаұлы, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:
Шараның мақсаты - өмірден өткен өнер майталмандарын еске алу. Оларды халық білуі керек, мұны ұрпақтар сабақтастығының жалғасы ретін ұйымдастырып отырмыз. Біз ағаларымыздан үйрендік, енді біз үйренген дүниемізді кейінгі ұрпаққа беріп жатырмыз. Қазақстан мәдениетінің туы әрқашан биікте желбіреп тұратынына сенемін.
Ақниет Балтанова, тілші:
Мерекелік кеште Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Медеу Арынбаев, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Рүстем Нұржігіт, Ерлан Рысқали, Азамат Жылтыркөзов, Азат Малик, Әміре, Рухия Байдүкеновадай «Қазақконцерт» ұжымының әртістері өнер көрсетуде. Сондай-ақ эстрада-симфониялық оркестрлердің музыканттары да бар.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
21.01.2026, 21:56
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12