Әскери борышын өтеуден қашып жүрген 13 жігіт ұсталды
Әскери борышын өтеуден қашып жүрген павлодарлық 13 жігіт түнгі клубта сауық құрып отырған жерінде ұсталды. Полиция оларды бірден арнайы көлікке отырғызып, қорғаныс істері жөніндегі басқарма ғимаратына жеткізді. Дәрігерлік тексеруден өтіп, әскер қатарына жарамдылықтары анықталған соң, әскери бөлімшелерге аттандырылады. Қазірдің өзінде жасы жете тұра азаматтық міндетін атқарудан жылдар бойы сытылып жүрген ондаған азамат «ерекше тізімге» алынды. Олар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.
Арман Қаптаев: Жергілікті полиция қызметінің бастығы
Әскерге шақырылғандарды көбінесе жастар жиналып, көңіл көтеретін орындардан іздейміз. Кейбірін жұмыс істеп жүрген жерінен табамыз. Рейд қорғаныс күштері басқармасы қызметкерлерімен бірігіп жүргізіледі. Осы күзде 26 азаматты тауып, міндеті әскери борышын өтеуге жібердік.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17