Сараптама: Қазақстанда көлік бағасы неге қымбаттап жатыр?

05.12.2021

Инфляцияның салдарынан көлік бағасы да тоқтаусыз өсіп жатыр. Автобизнес қауымдастығының дерегі бойынша жыл басынан бері жаңа көліктер 8,3, жүрілген машиналар 10 пайызға тіпті одан көп қымбаттаған.

Бағаның көтерілуіне негізінен автокөлік тапшылығы әсер етіп жатыр. Оның үстіне логистика мен металл бағасының өсуі де көлік құнын аспандатып жіберген. Қазір салондарда көлік тапшы. Дейтұрғанмен біздің автопром қайда?

Тақырыпқа орай басқа да маңызды сұрақтар бар. Көшелердегі көліктердің қанша проценті салыстырмалы түрде жаңа, қаншасының лақсасы шыққан? Бұл сауалдардың жауабы елдің әл-ауқатының да көрсеткіші. Оңғар Алпысбайұлы сараптап көрді.


Хабарламаларға жазылу