Балаларды спорт жағынан қолдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды спорт жағынан қолдау қажет

03.12.2021

Кей өңірлерде балаларға спортпен шұғылдануға арналған спорттық клубтардың дамуына бөлінген қаржы аздық етеді. Бұл туралы бүгін балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мәлім етті.  Алматы, Атырау, Маңғыстау, Павлодар мен Түркістан облыстарында спорт саласындағы тапсырыстарды орындауға қаражаттың жоқтығы анықталды. Басты себептердің бірі - өңірлердегі басқармалар жергілікті жердегі мемлекеттік емес спорттық клубтар жайында білмейді. Баспасөз конференцияда балалардың қамқорлығы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мәселелері де сөз болды.


Хабарламаларға жазылу