Ақтөбеде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қыш тақтайшалар шығаратын зауыт ашылды. 2017 жылы басталған құрылыс жұмыстары пандемияға байланысты тоқтап қалған еді.
Алайда құны 9 миллиард теңге болатын жоба қайта қолға алынып, бірінші кезеңі іске қосылып үлгерді. Қазірдің өзінде 150 адам еңбек етеді. Келер жылдың наурызында жоспарға сай екінші кезең жүзеге асып, зауыт толықтай іске қосылуы тиіс. Сәйкесінше, жұмыс күші де артады. Сапалы керамикалық тақтайшаларға қазірден сұраныс күшті.
Ерлан Тілеуқабылов, зауыт директоры:
Өніміміз жылына 5 млн кв. Соның бірінші бөлігі қосылып, өнім шығып жатыр. Нарыққа сатылып жатыр. 50 пайыз өнімді Ресейге экспорттаймыз деп жоспарлап отырмыз.