БАӘ Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция құймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАӘ Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция құймақ

02.12.2021

БАӘ Қазақстан экономикасын 6 млрд доллар көлемінде инвестиция құймақ. «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесінде Қазақстаннның Ұлттық күні тойланып, сауда-инвестициялық форумы өтті. Іскер топ өкілдері қандай келісімге келді, толығырақ тілшіміз тарқатады.

Қазақстанның Ұлттық күні ЭКСПО көрмесінің орталық алаңында салтанатты түрде бастау алды. Шараға қатысқан ЭКСПО-2020 көрмесінің бас комиссары дүниежүзілік шарадағы Қазақстанның рөлін ерекше атап өтті.
Нахайян Бин Мүбарак Әл Нахайян, ЭКСПО-2020 көрмесінің бас комиссары:
БАӘ үлкен мерейтой қарсаңында тұр, мемлекетіміздің құрылғанына 50 жыл. Осы айтулы оқиғаны бауырлас елмен қатар бөліскеніміз біздер үшін үлкен құрмет. Қазақстанның Дубай ЭКСПО көрмесіне атсалысып, болашаққа қадам тақырыбындағы энергетика, ғарыш, цифрландыру саласындағы бастамаларына куә болдық. Қазақ даласының бай мәдениетііне қанықтық.
Әлемнің 192 мемлекетінің басын қосқан дүниежүзілік шара ақыл-ойдың, инновациялық жетістіктердің тоғысуы ғана емес. Әлемді алаңдатқан - ресурстардың тапшылығы, кедейлік және климаттың өзгеруі сынды жаһандық проблемаларды шешудің жолын нұсқайды.
Наджиб Хори,   «Mirakgroup»  компаниясының төрағасы:
Осындай кешенді мәселелерді шешуде Қазақстан өзін әлдемге мойындатты. Қаржы құюға да қолайлы мемлекет. Соңғы үш жылда біздер ауылшаруашылығы саласын зерделедік. Келешекте бірлесіп жұмыс істеуді көздеп отырмыз. 
Салтанатты шарадан кейін сауда-инвестициялық форумға қатысушылар Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі қол жеткізген табысы, алға қойған мақсат міндеттері мен инвестициялық мүмкіндіктеріне қанықты. Соңғы 30 жылда ЖІӨ 17 есе өсті. 400 млрд доллар көлемінде шетелден тікелей инвестиция тартылды. Стратегиялық сенімді серіктеске айналған Араб Әмірліктері ел экономикасына 4 млрд доллар көлемінде қаржы құйды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты тараптар осы жолы маңызды келсімдермен тағы бекемдей түсті.
Нұргүл Ахметова, тілші:
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанда агрөнеркәсіп, фармацевтика, көлік логистика және туризм саларында бірлескен жобаларды іске асыру үшін 6 млрд доллар көлемінде инвестиция құймақ. Соның ішінде елдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту - Қазақстан тарапының қол жеткізген ең маңызды келісімдерінің бірі. Араб инвестициясының негізінде елімізде күн, жел және газ электр станциялары салынады.
Ауқымды жобаның арқасында Қазақстан энергетикалық тапшылықтан құтылады.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:
Алғашқы нысанның құрылысы 2023 жылы басталады. 2 Гват көлемінде қуат өндіретін болады. Қазір сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. 
Еліміздегі инвестициялық ахуал Таяу шығыс елдерінен өзге АҚШ пен Еуроодақ мемлекеттерін де қызықтырып отыр. Әсіресе инфрақұрылымды дамыту, технология және туризм саласын бірлесіп игеруге ынталы.
Джеймс Мартин, АХҚО инвестиция жөніндегі директор:
Жыл аяғына дейін Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінен ірі инвесторлар келеді. Олар Қазақстанда балалмалы энергия көздернен өзге сутегі энергетикасын дамытқысы келеді.
Форум нәтижесінде қол қойылған іскерлік жобаларды жүзеге асыру уақыт еншісінде. Ал, Дүниежүзілік көрмедегі Қазақстанның Ұлттық күні меркелік концертпен аяқталды.

Нұргүл Ахметова

Хабарламаларға жазылу