Парламент Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң қабылдады

02.12.2021
Парламент Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң қабылдады

Парламент Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қабылдады. Құжат бойынша 14 мыңнан астам сотталушы рақымшылыққа ілігеді: оның ішінде 2292 сотталушы мен 11 753 пробацияда тұрғандар бар.

Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады. Ал аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға рақымшылық жасауға тыйым салынған.


Хабарламаларға жазылу