Елорданың «Жастар» театрында «Қылкөпір»атты жаңа қойылымның тұсаукесері өтті
Елорданың «Жастар» театрында бүгін «Қылкөпір» атты жаңа қойылымның тұсаукесері өтіп жатыр. Әріптесім Ақниет Балтанова қойылымды тамашалауға барған еді. Қазір тікелей эфирге шығуға дайын екен. - Ақниет, жаңа қойылымның ерекшелігі қандай?
Ақниет Балтанова, тілші:«Қылкөпір» атты жаңа туынды ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалиннің «Қарақазан ғасыр» драмалық дастанының ықшамдалған сахналық нұсқасы. Драмалық дастанның идеялық-компози¬циялық желісін басты кейіпкерлер Ана мен Ұлының диалогтары-монологтары құрайды. Туындының басталуынан аяғына дейін өрілген сол диалогтар-монологтар аясында уақыт пен кеңістіктегі халық тарихының трагедиялық кезең шындығы, адамдардың мінез-құлық психологиясындағы адалдық пен арамдық, ерлік пен ездік, мәрттік пен екіжүзділік, т.б. қайшылықтар қақтығыстары жырланады. «Қылкөпір» қойылымының қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.Бүгін ғана премьерасы өткен туындыны өзге көрермендер алдағы уақытта да тамашалай алады.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49