Ішкі нарықта отандық дәрі-дәрмекке сұраныс артқан
Биыл отандық зауыттар 176 млрд теңгеге фармацевтикалық тауар шығарды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл былтырмен салыстырғанда 34%-ға көп – рекордық көрсеткіш. Ал ішкі нарықта отандық фармацевтикалық зауыттар үлесі 21%-ке дейін өскен. Елде коронавирустық инвекциямен күресте препараттарға сұраныс көбейді. Құрамында дәрумендері бар дәрілер өндірісі 70 пайызға артқан. Отандық тауардың шамамен жартысы Қарағандыдағы кешенге тиесілі. Ішкі нарықта өзіміздің тауарға сұраныс жоғарылаған сайын импорттың үлесі азайып жатыр. Мәселен, Қазақстан биыл 796 млн долларға дәрі-дәрмек сатып алған. Шетелдік препараттар былтырға қарағанда 8,5 пайызға аз.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18