«EXPO-2020 Дубай»: 1 желтоқсан - Қазақстанның ұлттық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EXPO-2020 Дубай»: 1 желтоқсан - Қазақстанның ұлттық күні

30.11.2021

«EXPO-2020 Дубай» көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонын екі айда 400 мыңнан астам көрермен тамашалаған. 1 желтоқсан - Дүниежүзілік көрмедегі Қазақстанның ұлттық күні. Осыған орай ертең ауқымды инвестициялық форум өтпек. ЭКСПО-дағы өзге жаңалықтарды Нұргүл Ахметова баяндайды.

 Нұргүл Ахметова, тілші:
6 айға созылатын көрменің бүгін 61-ші күні. Осы аралықта дүниежүзілік көрмені 5 млн-ға жуық адам тамашалап үлгерді. Пандемияның салдарынан көрменің бір жылға кеш өткізілгені белгілі. Қазір мұнда қауіпсіздік шаралары өте қатаң сақталған. Көрмені тамашалауға келген азаматтар ПТР тест тапсырып, індеттен аман екенін растауға міндетті. Тек содан кейін ғана ішке енуге рұқсат.


Ал, ЭКСПО-дағы  біздің елдің павильонына тоқталсақ, ерекше архитектурасымен көз тартады. Ұлттық әуен, қазақ жерінің әсемдігін Ұлы даланың әсемдігін көз алдыңызға әкелетін қызғалдақ пен тіпті Алматының апорты да көпшіліктің назарына ұсынған. Одан қала берді білім, туризм, агроөнеркәсіп және мұнай химия саласындағы бірегей жобалар қазіргі технологияның тілімен айшықталған. Осы уақытқа дейін Ұлтық павильонда бірнеше кездесу өткізілді. Нәтижесіз емес. Мәселен, Араб инвесторлары Ақтау және Алматы облыстарында туризм жобаларын дамытуға қызығушылық білдірген. Мұндай ортақ жобалар өзге салаларда да талқыланады. Себебі, алты ай ішінде 30-ға жуық іскерлік кездесулер өткізу жоспарлаған. Ертең 1-ші желтоқсан ЭКСПО-дағы ұлттық күніміз. Онда да бірқатар маңызды шаралар болады. 

Нұргүл Ахметова

Хабарламаларға жазылу