Австрия астанасы Венада 2015 жылы жасалған Иранмен ядролық келісімді қалпына келтіру бойынша келіссөздер қайта жалғасты. Оны Вашингтон мен Тегеран делегациялары бөлек отырып жүргізіп жатыр. Бұл – ұстанымы қатаң Ибрахим Раиси Иранда жаңа президент атанғалы ұйымдастырылып отырған алғашқы ядролық келіссөздер.
Оның мақсаты – Ислам Республикасының уран байыту мүмкіндіктерін шектеп, оны экономикалық санкциялардан босату. Айта кетсек, Дональд Трамп әкімшілігі әлем державалары мен Иран қол қойған бұл пәтуадан Құрама Штаттарды 2018 жылы Тегеранға мейлінші қысым жасау үшін шығарғаны белгілі.