Елімізде жаңа штамға байланысты шектеу шаралары күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа штамға байланысты шектеу шаралары күшейтіледі

30.11.2021

Елімізде коронавирустың жаңа штамынан төнген қауіпке байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. Яғни омикрон өршіп тұрған Африка елдерінен және Гонконгтан келетін шетел азаматтары елге кіргізілмейді. Және бірқатар елмен әуе қатынасы тоқтатылады. Үкімет отырысында айтылған маңызды мәліметтерді тікелей байланысқа шыққан тілшіміз айтады. 

Досжан Маратұлы, тілші:
Эпидахуал жақсарып келеді. Соңғы айда індет жұқтыру дерегі үш еседей, ал ауруханадағы орындар екі есе азайған.
Десе де босаңсуға болмайды. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі коронавирустың жаңа штамынан сақ болуымыз керек дейді. Өйткені омикрон әлдеқайда қауіптірек деген мәліметтер айтылып жатыр. Сол үшін еліміз желтоқсанның 3-інен бастап шектеу шараларын енгізеді.
Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
Омикроннан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген азаматтар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшаулануы тиіс. Осыған орай санитарлық эпидемиологиялық комиттетің департаменттері шетел азаматтары туралы ақпаратты атқарушы органдарға уақтылы беруді  қамтамасыз ету қажет.

Яғни омикрон анықталған Израиль, Чехия, Бельгия, Италия,Австриалия Канада секілді 10 елден келетіндер Қазақстанға кіргізіледі береді. Бірақ карантинде отырады. Ал жаңа штам өршіп тұрған Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар секілді Африка елдерінен және Ганконгтан келетін шетел азаматтары мүлдем кіргізілмейді. Сол үшін Мысырмен әуе қатынаса тоқтайды.

Досжан Маратұлы, тілші:
Үкімет басшысы да шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді және елдегі жағдайды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Және екпе егу жұмыстарын баяулатуға болмайтынын ескертті. 


Хабарламаларға жазылу