Арыстағы жарылысқа қатысты сотталғандардың үкімі өзгерді
Арыстағы жарылысқа қатысты сотталғандардың үкімі өзгерді. Еліміздің әскери апелляциялық соты кінәлі деп танылған әскерилердің түсірген шағымын қайта қарады. Бұған дейін 16 адам сотталған болатын. Олардың жетеуі қылмыстық жауаптан босатылды. Бұған дейін олар «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметке немқұрайлы қарау» бабы бойынша кінәлі деп танылған болатын.
Сондай-ақ, 4 әскери қызметкердің бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан 7 жылға дейін қысқарды. Басқаларына қатысты үкім өзгеріссіз қалды.
Еске салайық, 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында бернеше жарылыс болған еді. Салдарынан бір тұрғын және екі әскери қызметші көз жұмды. 200-ге жуық адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19