Елімізде тұрмыстық баллондардың жарылуынан 86 адам зардап шекті
Жыл басынан бері елімізде газдан уланудан, тұрмыстық баллондардың жарылуы салдарынан 55 оқыс жағдай тіркелген. Нәтижесінде 86 адам зардап шекті. Оның 14-і бала. 21 адам қайтыс болған.
Ақниет Балтанова, тілші:
Вице-министрдің айтуынша, оқыс оқиғаның негізгі себебі - елімізде халық пайдаланатын ескі және мерзімі өткен баллондар көп. Айналымдағы баллондарға есеп пен тексеріс жүргізілмейді, баллондарды заңсыз толтыратын газ компаниялары бар және қауіпсіздік талаптары ескерілмейді. Сондай-ақ, вице-министр өңірлердегі газ техникалық инспекциялардың дұрыс жұмыс істемейтінін сынға алды.
Сондықтан Қазақстанда тұрмыстық газ баллон қолданудың жаңа механизмі әзірленіп жатыр. Жаңа реформаға сәйкес елімізде газ тарату, қолдану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс тексеру құқығы беріледі. Реформа 2022 жылдың маусым айына дейін дайын болады деп уәде берді жауапты орган өкілдері.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17