Семейде көтерме-тарату орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде көтерме-тарату орталығы ашылды

29.11.2021

Семейде өңірдегі ең ірі көтерме-тарату орталығы ашылды. Сауда-саттықты дамыту бойынша қолға алынып жатқан ұлттық жобаға кәсіпкер 2,5 миллиард теңге инвестиция салған. Қаланың кіре берісіндегі орталықтың 5 мың тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қоймасы бар. Оған қоса тоңазытқыштар, сауда орындары, тауарды сұрыптауға арналған шет елдік құрылғылармен жабдықталған. Енді өңірдегі шаруашылықтардың өз өнімдерін осы орталық арқылы халыққа қолжетімді бағамен саудалауына мүмкіндігі бар. Нысанның ауқымы болашақта ұлғайтып, Қытай, Ресей мен өзге де мемлекеттер арасында сауданы дамытатын ірі логистикалық кешенге айналдыру жоспарда. Ол үшін елімізде осындай жобаларды іске асыру тетіктерін дамыту қажет-дейді инвесторлар.

Марат Құрманбай,  инвестор:
Жеке инвестиция құю керек. Соған біз жол ашуымыз қажет. Сонда әрбір азамат өзінің ақшасын құяр еді. Ал бүгінгі күнде Үкімет салып береді. Қарап отырсаңыз, Шымкентте, Қарағандыда ГЧП-мен салынған. Бәрі бос. Ішінде10 пайыз ғана көп болса, пайдаланылады.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу