Семейде тұңғыш рет коворкинг орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде тұңғыш рет коворкинг орталығы ашылды

15.06.2018

«Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында іске қосылған мекемеде жастардың бастамалары мен жасампаз ойларын ортаға салып, тәжірибеге енгізе алады. Облыстық кітапхананың бірінші қабатында орналасқан орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Кітапхана қызметкерлері ақпараттық қолдау көрсетуге әзір. Орталық үш бөлімнен тұрады. Интернетке қосылған компьютерлер, түрлі іс-шаралар мен семинарлар, шеберлік-сабақтарын өткізуге арналған зал және демалыс пен шығармашылыққа бағытталған бөлім. Мекеме тегін жұмыс істейді.  

Жомарт Рәтов, «Жас Отан» Жастар қанатының көшбасшысы:

- Осыдан екі-үш жыл бұрын біздің жастар қалада осындай жер болса екен деп армандайтын. Бүгін осы арман жүзеге асып жатыр. Бұл жерден жастар біріншіден, жаңа достар табады, жаңа жобалар жасайды және белсенділіктерін арттыру мақсатында түрлі жақсы дүниелер ойлап табады деп ойлаймын.

Р.МАДВАСОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу