Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапарымен барды

28.11.2021

Қаңтар мен қыркүйек айлары арасында Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы сауда айналымы былтырғы сол уақытпен салыстырғанда 18,4 процентке көп, 20,8 млрд долларды құраған.

Біз көп векторлы саясатты ұстанатын және сөйтуіміз керек елміз. ЕуроОдақпен сауда-саттық, экономика ғана емес, саясат, білім-ғылым бойынша да басқалармен сияқты қарым-қатынас жасауға міндеттіміз. Көп мәселе ең жоғары деңгейде және көзбе-көз отырып шешіледі. Коронавирус пандемиясы Мемлекет басшысының Батыс маршрутын тоқтатып тастаған. Бағыт қайта жандана бастады.

Брюссель Бельгия корольдігінің ғана астанасы емес. Иә, «Еуропа астанасы» деген жоқ, бірақ Брюссельде еуропалық идеяны іске асырушы Еуропалық комиссия орналасқан. Сондықтан Брюссель бейнелеп айтқанда Еуропаның «Вашингтоны». Президент Қ.Тоқаевтың Брюссельге сапарын әріптесім Альбина Әшім баяндайды.


Хабарламаларға жазылу