Азаматтық форумда қоғамды дамыту мен экология тақырыбы талқыланды
Алматыда өтіп жатқан Азаматтық форумда қоғамды дамыту мен экология тақырыбы кеңінен талқыланды. Үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуы қоғамның ілгерілеуіне оң әсер еткені айқын. 10-шы Азаматтық форумда тағы қандай мәселелер көтерілгенін әріптесім Қуан Нұрақын айтады.
Қуан Нұрақын, тілші:Алматыда өтіп жатқан азаматтық форум бүгін аяқталады. Жиынның соңғы пленарлық отырысында ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықаралық ынтымақтастық, азаматтық қоғам және экология мәселелері талқыланды. Сарапшылардың сөзінше Қазақстандық ұйымдардың батыл бастамаларды іске асыруда білімі де, тәжірибесі де жеткілікті. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қоғамның барлық саласына ат салысуда. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі жүзеге асып келеді. Алматыда өтіп жатқан шараға 150-ден аса делегат қатысты. Сонымен қатар форум өткен 4 күнде 20 000-ға жуық адам онлайн бақылаған. Төртінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі шара аясында қоғамның дамуына ат салысқан үкіметтік емес ұйым өкілдері 15 номинация бойынша марапатталды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18