Павлодарда медбике заңсыз сыйақы алды деген күдікке ілінді
Павлодарда медбике жалған екпе паспортын сатумен айналысты деген күдікке ілінді. Ол жергілікті емханалардың бірінде жұмыс істеген. Медицина қызметкері бірнеше адамнан екпе салдырды деген құжат жасап бергені үшін 160 мың теңге сыйақы алған. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың шілде айында аймақтық полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп вакцина паспортын сатумен жүйелі түрде айналысқан медицина қызметкерлерін ұстаған болатын. Олар 200- ден аса адамға екпе салынды- деп жалған құжат берген.
Жанар Белялова, полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі:
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 247 - бабы-заңсыз сыйақы алу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікке ілінген медбикеге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, сотқа дейін еркін-жүріп тұруына тыйым салынды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53