ШЫҰ үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті

25.11.2021

Премьер-министр Шаңхай ынтымақтастығы ұйымы Үкімет басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысына қатысты. Қазақстанның төрағалығымен өткен жиында Асқар Мамин қол жеткізілген жетістіктерді атап өтті. Биылғы 7 айда ұйымға мүше елдердің тауар айналымы 40%-ға ұлғайған. Ал Қазақстанның тауар айналымы қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға өсті. Сондай-ақ мемлекеттер арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ынталандыру жайы сөз болды. Ұйымның сауда әлеуетін толыққанды іске асыру мақсатында Үкімет басшысы Қазақстан бастамашылық еткен Еуразиялық сауда және тауар өткізу жүйесіне интеграциялану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Хабарламаларға жазылу