Мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз өмір сүруі маңызды. Еңбек және халықты әлеуеметтік қорғау министрлігінің өкілдері осы мәселеге орай арнайы брифинг өткізді. Аазаматтар әлеуметтік және қоғамдық орындарда қысылмай жүруі керек. Мұны қамтамасыз етуді бизнес иелері мен атқарушы органдардың өкілдері мықтап қолға алуы тиіс. Яғни ғимараттарға еш кедергісіз кіріп, оңай бейімделуі қажет. Кемтар жандардың шағымы қазір бірнеше жұмыс тобының бақылауында.
Сондай-ақ, бүгін күтімі бойынша жәрдемақыны бірінші топқа кіретін барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар ала алады. Көмекшіні жалдаудың орнына ақшалай көмек балалармен қоса ересектерге де бөлінуде. Алайда елдегі әлсіз топтардың жағдайы тиісінше ескерілмей жатыр. Оған жергілікті бюджет қаражатының аз бөлінуі себеп болып отыр.
Анархан Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі:
2025 жылы бізде жоспар бойынша 22 мыңдай объектіні осылай бейімдеп, алдымызда барлық төрт группаға бейімдеу мәселесі тұр. Сондықтан да келесі жылдардағы бюджетті қарастырғанда жергілікті атқарушы органдардың осы жұмысқа деген қаражаттың мейлінше көп бөлуін қадағаласа дейміз.