Президент Асқар Маминді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Асқар Маминді қабылдады

23.11.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады. Премьер-Министр еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, инвестиция тарту және өзге де әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде есеп берді.

Сондай-ақ Үкімет басшысы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын және COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткішінің төмендегенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы айда коронавирус жұқтырғандар саны 2,4 есеге, стационарларда ем алып жатқандар 1,4 ал, амбулаториялық жағдайда емделушілер 1,8 есеге азайған. Халыққа вакцина салу жөніндегі жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 8,7 миллионға жуық адам екпе алған. Кешеден бері қайта вакциналау жұмыстары басталды.

Хабарламаларға жазылу