Ақтауда «Президент саябағы» салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Президент саябағы» салынып жатыр

23.11.2021

Ақтауда «Президент саябағының»құрылысы басталды.Қазір 40 гектар аумақта бірнеше нысанның құрылысы қатар жүріп жатыр. Жоба бойынша гүлдер аллеясы, музыкалық субұрқақ, велосипед жолағы мен ойын алаңдары болады. Олар шамамен 23 гектар аумақта орналасады. Одан бөлек, спорт кешені және тұрғын үй бой көтереді. Инвестициялық жоба жергілікті кәсіпкердің қолдауымен жүзеге асуда.

Сұңғат Мұңалбаев, жоба жетекшісі: 
4 жерден скважина қаздық. 120 метр жерден жақсы су шығып тұр. Соған Ираннан 4 қондырғыға тапсырыс беріп қойдық. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу