Петропавлда студенттерге несие рәсімдеткен алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда студенттерге несие рәсімдеткен алаяқ ұсталды

22.11.2021

Петропавлда студенттерді алдап, несиеге телефон алғызған 18 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол сыйақы ретінде 10 мың теңгеден беріп отырған. Күдікті студенттерге онлайн несие рәсімдетіп, банктен алынған қарыз акция аясында кешірілетінін айтып сендірген. Ал ұялы телефондарды қала базарларында арзан бағаға сатып жіберген. Полиция басқармасына 20-дан астам арыз түсті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алданып қалғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Олардың ішінде 500 мың теңге тұратын қымбат телефонды несиеге алып, алаяқтың қолына ұстата салғандар да бар.

Жеңісгүл Бейсембина, қалалық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:
Алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық із қозғалып, 3-7 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу санкциясы қарастырылуда. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда. 

Эльмира Кәленова 

Хабарламаларға жазылу