Лира долларға қатысты арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лира долларға қатысты арзандады

19.11.2021

Түркияның ұлттық валютасы лира долларға қатысты 6 пайызға арзандады. Ел 2018 жылдан бері болмаған валюта дағдарысымен бетпе-бет келіп отыр.

Лираның одан әрі құлдырауына Орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешімі түрткі болған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның пікірінше, мұндай қадам инфляцияны тежеуге септігін тигізеді. Дегенмен сарапшылар бұл ел экономикасы үшін тиімсіз болуы мүмкін дейді.

Ал «Рейтердің» жүргізген сауалына қарағанда, Ыстанбұл тұрғындарын бағалардың өсуі алаңдатып отыр. Түркия оппозициясы болса, биліктің экономикалық саясатын сынға алып, 2023 жылы болатын сайлауды уақытынан бұрын өткізуге үндеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу