Одақтас Еуразия елдерінің сыртқы сауда көлемі 596 млрд долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Одақтас Еуразия елдерінің сыртқы сауда көлемі 596 млрд долларға жетті

19.11.2021

Биыл елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бизнесінің қатысуымен 1172 жаңа кәсіпорын тіркелді. Бұл жайында Премьер-Министр Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша экономикалық одақ шеңберінде түрлі салаларды жандандыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылған. Бірінші жарты жылдықтың өзінде одақ шеңберіндегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 620 млрд доларға жеткен. Ал, одаққа мүше Еуразия елдерінің сыртқы сауда көлемі 596 млрд доллар. Жалпы жыл басында Мемлекет басшысы Қазақстанның ұйымға төрағалық етуінің басым бағыттарын белгілеген болатын. Ол ең алдымен өзара тиімді кооперациялық жобаларды дамыту, саудадағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық ынтымақты нығайту сынды маңызды міндеттерді жүктеген. Атқарылған жұмыстар Одақ экономикаларын жаһандық аренада қалыптасқан сын-қатерге бейімдеуге жол ашып отыр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу